2024 жылы ауылдық округі әкімі аппаратына бюджеттен – 53 млн 822 мың теңге бөлінді. Олар: округ әкімі аппаратын ұстауға – 40 млн 037 мың теңге, Орындалғаны 8 млн 811 мың теңге
008 бағдарламасы бойынша – 2 млн 820,0 мың теңге, Оның ішінде көше жарықтарына қызмет көрсету және жұмысалған электр қуатына ақы төлеуге 2млн. 220 мың теңге бөлінген болатын. электр қуатына ақы төлеуге «ЭНЕРГОСБЫТ»ЖШС- мен 2 млн 820 мың теңгеге келісім шарт жасалды.
Көше жарықтарына қызмет көрсету қызметіне 600 мың теңге қарастырылды. Ақау актісі жасалып жатыр. Алдағы уақытта баға ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізіледі. Жыл соңыына дейін қызмет көрсетіледі.
009 бағдарламасы бойынша санитарлық тазалауға – 880,0 мың теңге бөлінді. Ақау актісі жасалып, сметалық құжаттары дайын болғанда баға ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізіледі. Жыл соңына дейін қызмет көрсетіледі.
011 бағдарламасы бойынша көркейту көгалдандыруға 10 млн 085 мың теңге бөлінді. Бильбордтар жасау және стендтер, тақтайшалар дайындауға 525 мың теңге,қарастырылды. Техникалық сипаттамалары дайын баға ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізіледі. Жыл соңына дейін қызмет көрсетіле Кіші Дихан ауылында ҚТҚ полигонын қоршауға 4154,7 мың теңге.