жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламалары және оларды іске асыру туралы есептер

 

Алматы облысы Ұйғыр ауданы

Кіші Дихан ауылдық округі

 

 

 

 

 

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіші Дихан ауылы 2023ж
І. ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

 

 

 

- Кіші Дихан ауылдық округінің орталығы – Кіші Дихан ауылы. Кіші Дихан ауылдық округі 1934 жылы құрылды.

- халық саны – 2644 адам;

- округке қарасты екі елді мекен бар – Кіші Дихан, Үлкен Дихан.

- округтің аумағының көлемі–10058 га құрайды.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

Кіші Дихан ауылдық округінің 2023 жылдың 1 қыркүйегіне

әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауы.

Кіріспе

 

Кіші Дихан ауылдық округі Ұйғыр ауданының орталығы – Шонжы ауылының оңтүстік шығысы жағында 98 км шақырымда орналасқан. Округтің орталығы – Кіші Дихан ауылы. Кіші Дихан ауылы 1934 жылы құрылған. Округтің аумағының көлемі – 10058 га құрайды Округке қарасты екі елді мекен Кіші Дихан және Үлкен Дихан ауылдары бар. 01.09.2023 жылға округ тұрғындардың саны 2644 адамды құрады.

 

Салықтар және бюджет

 

Салықтар түсімі; Жоспар бойынша жалпы 8237,0 мың теңге, оның ішінде: табыс салығы – 30,0; мүлік салығы – 285,0; көлік салығы – 7922,0. Орындалғаны 7264,0 мың теңге, яғни 88,2 % оның ішінде 2022 жылы 8 - айда 45310,0 мың теңге бюджеттің орындалғаны 7264,0 мың теңгені құрап 88,18 % орындалды.

2022 салықтан 0,3 мың табыс салығы, мүлік салығы 178,0 мың, көлік салығы 7034,0 мың, бірыңғай жер салығы – 23,3 мың теңге, өзге түсілімдер 28,4 мың теңге.

 

Кәсіпкерлік

 

2023 жылдың 8 ай ішінде Кіші Дихан ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтары саны 74, 2 ӨК тіркелген. Онда 136 адам тұрақты жұмыс істейді. Ауылдық округте 53 жеке кәсіпкер тіркелген, 9 сауда нүктесі, 1 дәріхана. Жалпы жеке кәсіпкерлікте 53 адам жұмыс істейді.

 

Ауыл шаруашылық

 

Округте барлығы ауыл шаруашылығына тиесілі 5640 га жер бар. Оның ішінде жайылымдық – 5253 га, шабындық – 48 га, суармалы жер - 296 га. Басқадай жер – 43 га.

Ауыл шаруашылық құрылымдары көктемде себілген 100 га жүгері, 10 га бақша, 30 га көкөніс, 129 га таза себіндік, көпжылдық шөп      84 га, 7 га картоп. Көпжылдық екпелер 48,7 га. Оның ішінде 2,2 га абрикос,       46,5 га алма.

2023 жылдың 8 айындағы  мал басы.

ірі қара – 6 411 бас, жылқы – 1 522 бас, қой-ешкі – 67800 бас, құс-2674 бас.2022 жылға 8915 тонна шөп дайындау керек еді 100 пайыз орындалды.

Ақпараттық аналитикалық жүйе (ИАС) бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы жұмыс атқаруда.

 

Білім

 

Ауылдық округінде 2 орта мектеп орналасқан, типтік.

  1. «М.Таипов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 1972 ж. салынған, типтік, 640 орынға. Мектепте: шағын орталықта 2 топ 50 бала, мектепке дейінгі 2 топ 19 бала, 1-11 сыныпта 311 оқушы. Жылыту түрі-автономдық. Күрделу жөндеуден 2013 жылы өткен.
  2. «Заманбек Батталханов атындағы орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ ж. 2001 салынған, типтік, 240 орынға.

Округ бойынша оқушылар саны 163 бала.

Орта мектепте 2 интерактивтік тақта орнатылған, 1 мультимедиялық кабинет бар. Бүгінгі күнге мектеп интернет желісіне қосылған. 2023 жылы 1 компьютерге оқушы саны 5,6 болып тұр.

Сыныптар жетіспейді. Сол себептен қосымша құрылыс салуға тура келіп тұр. Кәзіргі уақытта жеке меншік үйді жалдап, жұмыс ұйымдастырып келеді.

 

Мектепке дейінгі білім

 

Кіші Дихан ауылдық округінде 3-5 жас аралығында балалар саны 81, оның ішінде мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтылғаны-68, яғни 83,95 %.

 

 

Денсаулық

 

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1935 жылы салынған. 3 жоғары білімді дәрігер, 14 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Жаңа ғимарат салуды талап етеді.1 фельдшерлік акушерлік пункт жұмысын атқарып түр, бейімделген. 1986 жылы салынған. Биылғы жылы күрделі жөндеуден өткізілді. 1 фельшер, 2 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету-70%.

2023 жылдың 8 ай ішінде Кші Дихан ауылдық округі бойынша 9 нәресте дүниеге келіп, 9 адам қайтыс болды (2021 жылдың 8 ай ішінде - 12 және 17)

 

Мәдениет

 

Кіші Дихан ауылдық округінде 2 ауылдық клуб болып, оның Кіші Дихан ауылындағы 1986 жылы салынған ал Үлкен Дихан ауылдық клубы 1987 жылы салынған. Екі клубта колхоз кезінде шаруашылық тәсілімен салынған болып, бүгінгі заманға сай емес. Кіші Дихан ауылындағы клуб биылғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Үлкен Дихан ауылдық клубы мүлдем жұмыс істеуге болмағандықтан жабылған. Ол клуб жарамсыз. Жаңасын салуды талап етеді, 1 ауылдық кітапхана клубтың қасында тар бөлмеде жұмыс істейді.

Ауылдық клубта 2022 жылдың 8 ай ішінде 24 мәдени шара өткізіп оған қатысушылар саны  1356 адамды құраса, ал 2021 жылы 21 шара өткізіп оған қатысушылар саны 936 адамды құрады. Ауылдық клубта штаттық бірлігі-2.

Ауылдық клубта 4 үйірме  жұмыс істейді оған қатысушылар саны            62 адам.

 

Спорттың дамуы

 

Округта  қол жетімді спорттық нысандар бар, соның ішінде: 2 спорт зал  орта мектепте, 2 шағын футбол және үлкен футбол аландары бар.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар қамтылуын 2021 жылмен салыстырғанда 31 % өсіп 572 адамды құрап.

2022 жылдың 8 ай ішінде Кіші Дихан ауылдық округі бойынша 12 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. (2021 жылдың 8 ай ішінде – 9).

Округ көлемінде жабық спорттық алаңы жоқ, Кіші Дихан ауылына 50 орындық спорт кешені салынді. Округ жастары жылдан жылға спортқа деген құлпынысы артуда.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

 

2022 жылдың  1 қыркүйегіне экономикалық белсенді халық саны          1599 адамды құрап отыр.

Жұмыс  істейтіндер 1384 адам  О.і жалдамалы қызметкерлер 535, өз бетінше жұмыс істейтіндер 849 адам. Нәтижелі жұмыспен қамтылғандар – 641, нәтижесіз – 57 адам.  2022 жылы  6 ай ішінде жұмыссыз халық саны 57 адамды құрап 4,11 пайызды құрады.

Жаңа жұмыс орындарын ашу жоспар 22 адам. Орындалғаны 11 адам.         1адам жастар практикасында. Әлеуметтік жұмыс орындарында 6 адам.

 

 

Халықтың тұрмыстық деңгейі

2023 жылы  1 қыркүйекке жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 17 отбасы. Оларға бір жылға  12 млн. 240 мың теңге тағайындалды.

Жыл басынан бері қалада тұрып жатқан ауылдастар 12 отбасына 240 мың теңгеге азық – түлікпен көмек көрсетті. Сонымен қатар кәсіпкер ағайынды Худайкуловтар  ауылға қажетті әр –түрлі құрал жабдықтар алып берді қаржысы 160 мың теңгелік Жыл басынан бері көрсетілген көмек көлемі 530 мың теңге.

 

Ауыз сумен қамту.

 

Округтің тұрғындарын сумен МКК "Ұйғыр су құбыры" қамтамасыз етеді. Округте 542 тұрғын үйдің барлығы орталықтандырылған су құбырын пайдаланады. Орталықтандырылған су құбырына 2 мектеп, 1 ВА ,1 ФАП, 2 мешіт, 3 тойхана қосылған. Округтің тұрғындарының 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

 

Электрмен жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету

 

Округ тұрғындарын электр жабдықтаулармен қамтамасыз ететін «Алматы жарық» АҚ есебіндегі 122,2 шақырымға созылған электр желісінің 51 пайызы тозған және электр энергиясының тапшылығы байқалады, осыған байланысты электр желілерін жаңартуды қажет етеді.

 

Көлік және коммуникация

 

Кіші Дихан ауылдық  округі  бойынша автокөлік жолдарының қашықтығы      30,16  шақырымды  құрайды. Олардың 10,1 шақырымы  асфальтты, 20,06 шақырымы тас-қиыршықты жолдар.

Округтің көшелері 33,48 пайызға ғана асфалтанған. Көшелерінің тозу пайызы жоғары, тозығы жеткен көшелер автомобиль қозғалысына мейлінше кедергі келтіріп, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар нысандарға баруына қиындық туғызуда, сол себептен көшелерге орта жөндеу жұмыстары жүргізілу қажет.

Округке қарасты 25 көше бар. Соның ішінде 3 көшеде түнгі жарықтандыру тіректері орналасқан. Олардын жалпы ұзындығы 8,6 км құрайды. Жалпы алғанда округ көшелерінің 28,51 % түнгі жарықшам орнатылған, округтің қалған көшелеріне жарық шам орнату қажет етеді.

Шешуді қажет ететін мәселелер

 

-Су құбыры желілері ұңғымаларының ұрланған және сынған қақпақтарын қалпына келтіру

-Үлкен Дихан ауылдың төменгі аумағында интернетті жақсарту

-2024-жылы Үлкен Дихан ауылына Клуб салу

-Иесіз электр беру желілерін қалпына келтіру

-Елді мекендердің шет көшелеріне түнгі жарығын орнату

-Кіші Дихан ауылдық округіне амбулатория салу

 

III. АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Су құбыры желілері ұңғымаларының ұрланған және сынған қақпақтарын қалпына келтіру

 

 

ОБ

2024

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2,2

Су өткелдерін күрделі жөндеу жұмыстары, Кіші Дихан,Үлкен Дихан ауылдары

 

 

 

ОБ

2024

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

3.1

Су құбыры желілері ұңғымаларының ұрланған және сынған қақпақтарын қалпына келтіру

 

 

ОБ

2024

2

Үлкен Дихан ауылдың төменгі аумағында интернетті жақсарту

 

 

 

 

ДЕНСАУЛЫҚ

4,1

Кіші Дихан ауылдық округіне амбулатория салу

 

 

ОБ

2024

МӘДЕНИЕТ

5,1

Үлкен Дихан ауылына Клуб салу

 

 

ОБ

2024

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламалары және оларды іске асыру туралы есептер
Дата публикации
06 марта 2024