Кіші Дихан ауылы 25 қыркүйек 2023 жыл
КІРІСПЕ
Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 05 қыркүйектегі №57 ө н/қ өкімімен бекітілген келесі құрамындағы жұмыс тобы: ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Аблесенов, топ жетекшісі Д.Аскаров., ауылдық округ кітапхана меңгерушісі А.Ахмоллаева; аудандық маслихат депутаты А.Иманалиев.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 12 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі бекітілген ереже негізінде атқарады.