Кіші Дихан ауылдық округ әкімі Е. Таубалдиннің1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтауы!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!
           Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білемін. Бүлдіршіндеріміз алғаш мектеп табалдырығын аттап жатса, мектеп түлектері жаңадан университет қабырғасына барып, үлкен өмірге аяқ басуда. Білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая барлық білім ордасы қарсы алуда. Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады.
Білім - баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Қазіргі уақыт балаларға заманға сай білім беріп, жаңашылдықтарға бейім етіп даярлауды талап етеді. Бүгінгінің талабы - жасампаз, өзгерістерден қорықпайтын білімді де білікті жастар мен мамандар қалыптастыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды - жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі», - деп жаһандану дәуірінде білімді ұрпақты жарқын болашақ күтетінін айқын жеткізді. Сондықтан жастарымыз қай кезеңде болмасын ілім-білім жинауға қашан да асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін кәдеге жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар қатарынан болатындарына сенемін.

Қымбатты ұстаздар!

          Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, жаңа оқу жылында зор жетістіктер, отбасыларыңызға амандық-саулық , табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

        Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек.
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы, жауапты кезең бастамасы.
Қадірменді
жерлестер!
Сіздерді Білім күнімен шын жүрегімнен құттықтап, оқушыларымыздың терең біліммен сусындап, озаттар қатарында болуын тілеймін. Бала тәрбиесі жолындағы ұстаздарымыздың шығармашылық табысы арта берсін. Барлықтарыңыздың дендеріңіз сау болып, жүздеріңізден қуаныш кетпесін!
Жаңа оқу жылында жарқын жетістіктер көп болсын!

 

Кіші Дихан ауылдық округ әкімі Е. Таубалдиннің1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтауы!
Дата публикации
08 сентября 2022