GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
Ауыл шаруашылығы
Әлеуметтік қамсыздандыру
28 сентября 2026
Кетпен ауылының әкімі Умбетжанов Марат Нұрахметұлының Кепебұлақ ауылы тұрғындарымен кездесуі

Кепебұлақ ауылы тұрғындарымен ашық кездесу өтті

Бүгін, 23 қыркүйек күні Кетпен ауылдық округінің әкімі Умбетжанов Марат Нұрахметұлы Кепебұлақ ауылының тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуін өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат беру, сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдау.

Жиын барысында ауыл әкімі атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді атап өтті. Өз кезегінде Кепебұлақ ауылының тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын ашық қойып, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне қатысты өз ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмай, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Бірқатар мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер жасалып, алдағы уақытта шешімін қажет ететін ұсыныстар назарға алынды.

Осындай есеп беру кездесулері – билік пен халық арасындағы ашық байланысты нығайтып, тұрғындардың талап-тілегін тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Ауылдың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру

Ауыл шаруашылығы
Әлеуметтік қамсыздандыру
28 сентября 2026
Кетпен ауылының әкәмә Умбетжанов Марат Нұрахметұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі

КЕТПЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін сағат 10:00-де С. Мошанұлы атындағы мәдениет үйінде Кетпен ауылдық округінің әкімі Марат Үмбетжановтың ауыл тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында ауылдық округтің атқарған жұмыстары, жүзеге асырылған жобалар және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Ауыл әкімі тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектері назарға алынды.

Әлеуметтік қамсыздандыру
Образование
27 августа 2026
"Мектепке жол" акциясы

«Мектепке жол» – мейірімнен басталған ізгі қадам! 📚🎒✨

Жаңа оқу жылы – әр бала үшін жаңа арман, жаңа мақсат пен үлкен үміттің бастауы. Осы орайда «Мектепке жол» акциясы аясында Кетпен ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Кетпен және Кепебұлақ мектептеріне барып, оқушыларға жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарын табыстады.

Бұл – жай ғана мектеп құралдарын сыйлау емес, баланың қуанышын бөлісу, білімге деген құлшынысын қолдау, болашағына сенім білдіру.

Әрбір баланың жүзіндегі қуаныш – біз үшін ең үлкен марапат. Өйткені балаға жасалған қамқорлық – елдің ертеңіне жасалған қамқорлық. 🌿

📚 Білімге бастар жолдарың ашық болсын!
🎒 Оқу құралдарың жаңа жетістіктерге бастасын!
✨ Армандарың асқақ, қадамдарың нық болсын, жас өрендер!

«Мектепке жол» – жүректен шыққан жылулық, болашаққа бағытталған игі қадам! 🇰🇿

Ауыл шаруашылығы
Әлеуметтік қамсыздандыру
19 августа 2026
Халықтың игілігі – басты назарда!

Халықтың игілігі – басты назарда!

Кетпен ауылдық округінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында маңызды жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ел игілігі үшін су құбырлары мен ысырмалар кезең-кезеңімен жаңартылып, инженерлік инфрақұрылым жүйесі жетілдірілуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Кетпен ауылдық округінің әкімі нысандарды аралап, жұмыс барысын жеке бақылауына алып, мердігер ұйым өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға үздіксіз әрі сапалы ауыз су жеткізіп, ауылдың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру.

Әлеуметтік қамсыздандыру
13 марта 2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 2025 жылғы 17 ақпан мен 17 мамыр аралығында қабылданады, деп хабарлайды barysnews.kz. Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар: Жобаны әзірлеу: — қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту, — геральдикалық белгілерді сақтау, — өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді. Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады. Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді: — жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады; — жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар; — жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады; — жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді. Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады. Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады. Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail почтасына қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!. Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Чиныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!
Мәдениет
06 марта 2025
По случаю «1 марта – Дня благодарения» в доме культуры Кетпенского сельского округа было организовано праздничное торжество. Главной целью мероприятия было укрепление солидарности и единства в стране, прославление культуры взаимного уважения и благодарности. В ходе концерта зрителям были предложены патриотические песни, народные танцы и пожелания. Праздничный концерт подарил зрителям особое настроение
Мәдениет
06 марта 2025
28 ақпан күні "1 наурыз – Алғыс айту күні" мерекесіне орай салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – елдегі ынтымақ пен бірлікті нығайту, өзара сыйластық пен ризашылық мәдениетін дәріптеу болды. Концерт барысында көрермендерге патриоттық әндер, халық билері, тілектер ұсынылды. Шараға өнерпаздар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Сондай-ақ, іс-шара барысында алғыс айту мәдениетінің маңызы, Қазақстан халқының достастығы мен татулығы туралы жылы лебіздер айтылды. Мерекелік концерт көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, ризашылық пен мейірімділікке толы әсерлі кеш болды.
Әлеуметтік қамсыздандыру
06 марта 2025
Кетпен ауылдық округі С.Мошанұлы атындағы мәдениет үйінде ақпан айының 5 күні қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру мақсатында ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай “Мұқағали -мәңгілік ғұмыр” атты кеші өтті.
Мәдениет
06 марта 2025
Кетпен ауылдық округі С.Мошанұлы атындағы мәдениет үйінде ақпан айының 5 күні қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру мақсатында ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай “Мұқағали -мәңгілік ғұмыр” атты кеші өтті.
06 марта 2025
Джилкибаев Такен Серікұлы “Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі” МКҚК-нің С. Мошанұлы атындағы Кетпен ауылдық мәдениет үйінің директоры лауазымына тағайындалды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы