Кетпен ауылында мекемелер арасында баскетбол жарысы өтті

Кетпен ауылында мекемелер арасында баскетбол жарысы өтті

2025 жылдың маусым айының соңында Кетпен ауылында мекемелер арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Ауылдық округтің спорт саласын дамыту мақсатында өткізілген бұл шараға түрлі мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты.

Жарыс достық және командалық рухта өтті. Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік пен ынтымақ көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай спорттық шаралар ауыл жастары мен қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына, сондай-ақ ұжымдар арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.