GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 сентября 2026
"Таза Бейсенбі"
ауыл әкімінің халықпен кездесуі
10 сентября 2026
Қалжат ауылдық округ әкімінің 2026жылдың ІІ жартыжылдығындағы халықпен кездесуі

 

 

04 августа 2026
2026 жылғы 11-25 тамыз аралығында «Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдық округі  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 ай кезеңіне ішкі талдау жүргізеді

2026 жылғы 11-25 тамыз аралығында «Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдық округі  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 ай кезеңіне ішкі талдау жүргізеді

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 11-25 тамыз аралығында «Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдық округі  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 ай кезеңіне ішкі талдау жүргізеді

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда мына телефон бойынша хабарласа аласыз: 8 (72778) 47-3-42. Баксамбаева К.А.

17 февраля 2026
Қалжат ауылдық округі аумағында ауыл әкімі Д. Баратов және бас маман Н. Таиров жеке кәсіпкерлерге тиесілі сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2026 жылғы 17 ақпан күні Қалжат ауылдық округі бойынша ауыл әкімі Д. Баратов және бас маман Н. Таиров жеке кәсіпкерлерге тиесілі дүкендерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аралау барысында азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау, баға шегін сақтау, сондай-ақ дүкен атаулары мен маңдайшаларын жаңарту, атауы жоқ дүкендерге заң талаптарына сәйкес атау орнату мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

17 февраля 2026
Ұйғыр ауданының әкімі ЕЛЕУСІЗОВА БОТА СЕРІКҚЫЗЫНЫҢ Қалжат ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

Барлық деңгейдегі әкімдердің Қалжат ауылдық округ тұрғындарымен есепті кездесуі жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Қалжат ауылы                                                                  «04» ақпан 2026 жыл

Қалжат орта мектебі                                                          сағ: 11-00 де

 

Жиналыс төрағасы-  Н.Есжан

Жиналыс хатшысы – К.Баксамбаева

 

Қатынасқандар:

  1. Елеусізова Бота Серікқызы – аудан әкімі

Және аудандық мекеме басшылары,

 

Шақырушылар:

 

          Мекемпе, кәсіпорын басшылары мен ұжым қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, ауыл тұрғындары болып барлығы 119 адам қатысты.

 

КҮН ТӘРТІБІ

  1. Ауданның 2025 жылға арналған әлеуметтік—эканомикалық даму жоспарының орындалуы және 2026 жылға арналған орта мерзімді жоспарының міндеттері туралы аудан әкімі Елеусізова Бота Серікқызының есебі.

 

 

  1. Тыңдалды:

          Аудан әкімі  Елеусізова Бота Серікқызы

          Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша аудан әкімі Б.С.Елеусізова  ауыл тұрғындарына өткен жыл еліміз бен ауданымыз үшін жетістіктерге толы жыл болды дей келе елімізде және облыс, аудан көлемінде болып жатқан оң өзгеріс жаңалықтарға тоқталалып сөзін сабақтап 2025 жылы ауданның әлеуметтік-эканомикалық дамуының барысын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде айта келе Қалжат ауылының 2025 жылы атқарылған жұмыстары жайлы тоқталды. Өткен жылғы есепті кездесуде айтылған ауыз су мәселесінің 2023  жылы мердігердің жауапсыздығынан аяқталмай ауыл тұрғындарының иғана емес аудан көлемінде келеңсіздік жағдайға ұшыратып тастап кетті. Бүгінгі күнде бұл мердігерлік компанияман заң орындары айналысуда. Бұл жұмыстық барысы облыс әкімінің қадағалауында. Бүгінгікүнде жаңа мердігер анықталып қаражат қарастырылып 2025 жылы күздей алдынғы мердігер компаниядан қалған қазу жұмыстарын жалғастырды өздеріңіз куә болдыңыздар. Бұйыртса күн жылысымен ауыз су құрылысы қайта қолға алынады. Сәикесінше ауыз су құрылысы бітсе артынан жолдарыңыз жасалады деп тұрғындарға түсіндіріп өтті.

           Сонымен қатар мемлекетімізде, әр өңірде  өткізіліп жатқан әлеуметтік-эканомикалық және саяси реформаларға тоқталып орталық және жергілікті органдардың тұрғындардың тіршілік деңгеиін көтеруде атқарылып отырған бағыттарына тоқталып өтіп ауданымыздың бүгінгі күнгі тыныс тіршілігімен таныстырып өтті. Ауданның әлеуметтік-эканомикалық дамуының 2026 жылға арналған кешенді бағдарламасы жайлы кең көлемде баяндамасында толық қамтылып ауданның мәдениеті, өсіп өркендеуі, демографиалық жағдайы, білім деңгеиі, денсаулық, шаруашылық дамуы, жаңа жұмыс көздерінің ашылуы, айналаны көркеиту, көгалдандыру, ауданды алдыңғы қатарлы ауданға айналдыру бағытында атқаруға тиіс жұмыстар жайлы тоқталып, өткен кездесулермен салыстыра отырып толық мағлуматтар берді..       Біздің күшіміз бірлікте! Бейбітшілік пен тұрақтылық - егеменді мемлекетіміздің басты құндылықтары! Бірлік, ынтымақ, патриотизм, батылдық, ертеңгі күнге деген сенім – қоғамды  ұйыстырудың және елді одан әрі дамытудың іргетасы. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық және тыныштық тілеймін дей отырып баяндамасын аяқтады және қойылған сұрақтарға жауап берді.(жәшікке түскен сұрақтар болмады)

 

Сұрақ: ауулда бқрынғы кеңес одағынан бері тастанды болып тұрған бала бақшаны қалыпқа келтіріп іскер жаратамыз деушілер болса берсек ауыл сәнін бұзып бекер тұрғанша

Жауап: Ауыл әкімін тұрғызып бұрынғы бала бақшаны аудандық білім бөлімінің балансында болғанымен не жері не мүлкі тіркеуде емес екендігі анықталған дықтан баланстан шығарып иесіз мүлік ретінде әділет бөліміне заң талаптарына сай құжаттарын өткізу керектігі тапсырылды.

Сұрақ: Ауыз су мәселесі биылғы жылы аяқтау мүмкіндігі бар ма

Жауап: Мердігермен тұрғызып сөилесіп мәселені түсіндіріп ауыз су құрылысын осы жылы көрсетілген мерзімде аяқтау  керектігі тапсырылды.

Сөйлегендер.

1.Турдиев Махмут – зейнеткер, жігіт басы

Ол өз сөзінде бүгін аудан әкімі Б.Серікқызының  есебін тыңдадық онда өткен жылдағы атқарылған жұмыстарды айта келе биылғы жылы атқаратын жұмыстардың жоспарын айтып өтті. Баяндаманы толық түсініп тыңдадық өткен жылы есепті кездесуде айтылған  сол ауыз су мәселесі еді оның да мәселесі шешіліп қалған жұмыстар жалғасын табар деп айта келе өз ойын ораға салды. Бұрынғы кеңес одағы кезінде салынған бала бақшаның құры қаңқасы тұр ауылдың көркін де бұзып тұр. Сол ғимаратты қалталы азаматтарға берсек керекке жаратса дұрыс болар еді деп ұсынысын айтты. Жалпы бүгінгі аудан әкімінің бір жылдық жұмысына ауыл тұрғындары атынан қанағаттанарлық деген баға беремін деп сөзін аяқтады.

  1. Нақысбеков Сламғожа-зейнеткер ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Ол өз сөзінде әкімі Б.Серікқызының есебін тыңдадық онда өткен жылдағы атқарылған жұмыстарды айта келе биылғы жылы атқаратын жұмыстардың жоспарын айтып өтті. Баяндаманы толық түсініп тыңдадық жалпы біздің ауыл аудан орталығынан алыс орналасқан болса да ауылымызда біршама жұмыстар атқарылып басқа ауылға қарағанда жағдайымыз дұрыс деп айтсам қателеспеимін деп ойлаймын. Ауыл тұрғындары аудан басшысына және мемлекет басшыларына риза екендігін Жалпы бүгінгі аудан әкімінің бір жылдық жұмысына ауыл тұрғындары атынан қанағаттанарлық деген баға беремін деп сөзін аяқтады.

 

Қалжат ауылдық округі тұрғындары уәкілдерінің жиыны қаулы етеді.

  1. Ауданның 2025 жылға арналған орта мерзімді жоспарының және 2026 жылға арналған міндеттері туралы аудан әкімі Б.С.Елеусізованың есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.
  2. Жиналыс барысында айтылған ой-пікірлермен ұсыныс талаптар бойынша іс-шаралар жоспарын жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету ауыл әкімінің аппаратына жүктелсін.
  3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау ауылдық округінің әкіміне тапсырылсын.

 

                  Жиналыс  төрағасы                          Н.Есжан

                   Жиналыс хатшысы                         К. Баксамбаева

 

ауыл әкімінің халықпен кездесуі
11 февраля 2026
Ауылдық округ әкімінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы халықпен кездесуі өткізілді

Қалжат орта мектебінде Ауылдық округ әкімінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы халықпен есептік кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жол, абаттандыру, білім беру, медицина, жұмыспен қамту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Аталған кездесу жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, тиісті деңгейде өткізілді.

29 января 2026
Ұйғыр ауданының әкімі ЕЛЕУСІЗОВА БОТА СЕРІКҚЫЗЫНЫҢ Қалжат ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі өтеді
ауыл әкімінің халықпен кездесуі
16 сентября 2025
АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ IІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ
Мәдениет
06 августа 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2025 жылғы шілде айының 14 күні:
1) сағат 10-00де Ұйғыр ауданы Қалжат ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Қалжат ауылының оңтүстіктен бірінші көшені – Абдуллаев Новар көшесі деп атау туралы» мәселелер қаралатындығын хабарлаймыз.


Қосымша мәліметтер:
1. Абдуллаев Новар –(1926-2004 жж.) ҰОС ардагері

Жастар ресурстық орталығы
11 марта 2025
8 наурыз әйеллер күніне орай “Ардақтайық ананы” атты қайырымдылық акциясы
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы