ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 21 сәуір сағат 09.00-ден бастап 14 мамыр сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдерді Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 100 құрылыс Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының 2 қабаты Ұйғыр ауданының «Жер қатынасары бөлімі» ММ-і 15 кабинеті мекен жайынан алуға болады.
Конкурс 2025 жылдың 15 мамыр сағ 10:00, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді, Мекен-жайы: Шонжы а/о, Раджибаев көшесі №73