
Туылған жылы: 19.08.1977г.;Туылған жері:Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбеауылы; Білімі: жоғары; Оқу орны: Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті; Мамандығы: "Мал дәрігері".
Мен Мадамилов Мақсат Серікбайұлы 1977 жылы 19 тамызда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылындағы орта мектепті аяқтап, 1994 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының ветеринарлық дәрігері мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің мал дәрігері мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Осы университет қабырғасында әскери кафедрасын оқып, лейтенант атағын алып шықтым. 1999 жылы 25 қазанда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы «Зооветсервис Шонжы» ЖШС-ң меңгерушісі болып еңбек жолымды бастадым. 2000 жылы 20 қаңтарда ҚР АШМ Ұйғыр аудандық аумақтық басқармасына жетекші маман болып орналастым. 2002 жылы 21 мамырда Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып тағайындалдым. 2003 жылы 14 шілдеде аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып ауыстым. 2007 жылы 9 сәуірде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы болып ауыстым.2008 жылы 7 қарашада Алматы облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының Ұйғыр аудандық филиалының операциялық зал бастығы қызметіне тағайындалдым. 2010 жылы 19 сәуірде Ұйғыр аудандық ветеринария бөлімінің басшысы болып тағайындалдым.2011 жылы 21 қарашада Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемкеттік-құқықтық және кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы болдым.2012 жылы 28 тамызда аталған бөлімнің басшысы болып тағайындалдым. 2016 жылы 01 маусымда Ұйғыр ауданы Дардамты ауылдық округінің әкімі болып сайландым. Аталған қызметті 4 жыл атқардым. 2020 жылы 29 шілдеде Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалдым. 2021 жылы 31 желтоқсанда аталған қызметтен кетіп, сол бөлімге бас маман болып ауыстым2022 жылдың 4 мамырында Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып ауыстым. Аталған бөлімде 2025 жылдың 7 сәуіріне дейін істеп, сол күннен бастап Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің әкімі болып сайландым.