GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
26 июля 2024
жаңалық

Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы
көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 159 қаулысы. Алматы облысы
Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 сәуірде № 6116-05 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы
көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының
қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы "Алматы облысының
су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына,
туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" № 617 қаулысының (
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып
тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми
жарияланғаннан кейін оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін
орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі М. Султангазиев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекция
Алматы облысы әкімдігінің 2024

20 июня 2024
2024 жылғы 12 маусымнан 19 маусымға дейінгі кезеңде Ұйғыр ауданы әкімдігінің "Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді
05 сентября 2023
Аудан әкімінің есебі

05 қыркүйек күні аудан әкімі, аудан пркуроры, және аудандық мәслихаттың төрағасы түрғындармен кездесіп есеп берді. Аудандғы жүргізіліп жатқан жұмыстарды және алдағы жоспарлармен бөлісті.

05 сентября 2023
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі 2023 жылдың 04-18 қыркүйек күндері аралығында 2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Анықтама үшін телефон 8 /72778/ 43-7-45, мекен-жайы: Ұйғыр ауданы, Ават ауылы, А.Розыбакиев көшесі 29

Мәдениет
23 августа 2023
1. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2023 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының отыз екінші сессиясында және Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзін түсіндіру.

Мемлекет басшысының өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының отыз екінші сессиясында және Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөздерін айтты, әр 5 бағыт бойынша тоқталып өтті. БІРІНШІ. Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет. ЕКІНШІ. Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды. ҮШІНШІ. Біз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет.ТӨРТІНШІ. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. БЕСІНШІ. Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту. Аталған бағыттар бойынша Президентің бастамалары және тапсырмаларымен таныстырып өтті.

15 марта 2023
Прокуратура

Алматы облысында жоба әзірленді "QR-кезекші прокурор" Облыс прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, адамдарды қылмыстық процеске негізсіз тарту фактілерінің жолын кесу және азаптаудың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда Азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалауды күшейту, азаптаулардың алдын алу және адамдарды заңсыз ұстау фактілері, сондай-ақ кезекші прокурор институтын дамыту және нығайту мақсатында облыс прокуратурасы кезекші прокурорлардың байланыстарын және прокуратура басшылығының жеке қабылдауын жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді орналастыра отырып, QR-код пен тақырыптық сайт әзірледі. QR-кодтың мәні мынада: смартфон камерасының көмегімен азаматтар кезекші прокурорлардың контактілеріне және жеке қабылдау мен оған жазылу тәртібі бойынша өзекті ақпаратқа қол жеткізе алады Азаматтарға өзара іс-қимылдың осы тетігінің қолжетімділігі үшін QR-кодтар кіру топтарында, бақылау-өткізу бекеттерінде және барлық әкімшілік ғимараттарда ақпараттық таблоларда орналастырылған

13 марта 2023
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы