
Спорт саласы бойынша2022 жылдың 3 қаңтар күні бокстан Қазақстан чемпионы Ават ауылының тумасы Дилмурат Межитовпен кездесу өткізілді. Аптаның үш күнінде ауыл жастары мектеп спорт залына жаттықтыруға барады. «Ақ бидай» облыстық спорттық жарысқа Ават ауылынан жеңіл атлетикадан екі бала қатысып, бірінші, үшінші орындарды иеленді. Әуесқойлар арасындағы волейболдан облыстық турнирде «Ават» командасы жүлделі үшінші орынды алды. Мерекелерде тұрақты түрде спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.