Ақтам ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шараларын өткізу туралы
«Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылы «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17.03. 1992 ж. № 684 Жарлығынан басталған. Сол уақыттан бастап елімізде жемқорлыққа қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді.
Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заман дерті, ғасыр ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған мәселелердің бірі. Осы орайда ҚР Конститутциясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Ақтам ауылдық округі әкімі аппаратында 4 мемлекеттік қызметші 5 техникалық қызметкерлер еңбек шартымен жұмыс істейді. Аппаратта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, аппарат қызметкерлері арасында сауалнамалар мен басқосулар өткізіліп тұрады. Онда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерінің көмегімен жемқорлық және оның салдары туралы үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Ауылда жемқорлыққа қатысты банер ілінген және әлеуметтік желі арқылы видеороликтер тұрғындар арасында таратылып отырады.
Ауыл тұрғындарымен Ақтам ауылдық әкімшілігінде «Адал ұрпақ- жарқын болашақ» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараның мақсаты; Жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер заңнамасына сәйкес жемқорлық елдің дамуына келтіретін кедергісі жайында пікір алмасу. Сыбайлас жемқорлық туралы түсініктер айтылды.
Жергілікті бюджет 2023 жылға 53 млн.487 мың теңге болып бекітілген. Осы жылдың тоғыз айында орындалғаны 44 млн. 723 мың теңге, немесе 83,6 пайыз. Бюджетті жоспарлау барысында жергілікті қауымдастық мүшелерімен бірлікте қандай мақсатқа жұмсалатындығы талқыланып, талданып барып шешім қабылданады.
Ақтам ауылдық округі әкім аппаратында мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметтер регламенттері бар. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және қағаз тасығышта.
Мекемеде мемлекеттік қызмет көрсетудің төмендегі түрлері бойынша қызмет көрсетіледі:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
Елді мекен аумағында жер учаскесін беру
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға кезекке қою;
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне арнайы ақпарат тақтасы орналастырылған.
Әкімшілік ғимаратында жеке және заңды тұғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшік орналастырылып, бақылауға алынған. Мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындап, заң бұзушылықтарға жол бермеу және берілген өтініштер немесе арыздардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауға алған. Сонымен қатар, әкім аппараты қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзбау туралы ескертіліп отырады.
«Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде қыркүйек айында 2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа алып келетін фактілер анықталған жоқ. Талдау нәтижесі бойынша анықтама тиісті орынға берілді.