Ауылдық округте 640 оқушыға арналған шағын орталығы бар 1 орта мектеп бар. Мектеп ғимараты 1989 жылы салынған. Мектепте: 25 баладан 2 топ шағын орталықта, мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 2 топта 17 бала, 1-11 сыныптарда 323 оқушы. Жылыту түрі автономды болып табылады.Мектепте 2 интерактивті тақта, 1 мультимедиялық кабинет бар. Бүгінде мектеп интернет желісіне қосылған.Мектепке дейінгі тәрбие Ауылдық округте 3-5 жас аралығындағы 90 бала болса, оның 74 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.