2025 жылғы 19 ақпан күні Уәлиханов аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессия отырысы өтті.
Мәслихат төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниевтің төрағалығымен өткен сессия жұмысына Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов, аудандық сайлау комиссиясының өкілі, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты.
Кезекті сессияның күн тәрітібіне екі маңызды мәселе қаралды: «Кішкенекөл ауылының проблемалары мен даму перспективалары туралы» және «Салық салынатын базаны кеңейту бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жүргізіп жатқан жұмысы туралы».
Алғашқы мәселе бойынша Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі С.С.Әбікеева баяндама жасап, округті дамыту бойынша проблемаларын депутаттар алдына салды. Сонымен қатар, алдағы үш жылға арналған даму жоспарын ұсынды, оның ішінде жоспарланып отырған жобалар көрсетілді.
Екінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының м.а. С.С.Ауғалиева Уәлиханов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2024 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс және болжамды көрсеткіштерге жету үшін атқарылған жұмыстарға тоқталып, салық салу базасын кеңейту бойынша жеке кәсіпкерлермен заңды тұлғалардың еңбекақысы мен жұмыскерлерінің санын арттыру бойынша жұмыстардың тиімділігін күшейту үшін депутаттар мен жергілікті қауымдастықтардың көмегін сұрады.
Қарастырылған мәселелер бойынша депутаттар шешім жобаларына ұсыныстар қосу арқылы қабылдады.