12 қыркүйек күні Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Мереке Қабдешұлы Токимов азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Северная көшесінде жарықтың жоқтығын айтып, бұл мәселенің әсіресе кешкі уақытта тұрғындарға қолайсыздық пен қауіп тудыратынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Мереке Қабдешұлы аталған мәселені шешу үшін тиісті органдарға депутаттық сауал жолдады.
Бұл мәселе депутаттың бақылауында.