2025 жылғы 29 шілде күні Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Сатыбалдин Амангельді Сұлтанұлы Бидайық ауылында азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында депутатқа Бидайық ауылының ішкі көшелеріндегі жолдардың жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты ауыл тұрғыны Тимофеева Л.Д. жүгінді.
Жағдайды нақтылау мақсатында депутат округ әкіміне жүгінді. Нәтижесінде, келісімшарт талаптарын орындамаған мердігерге қатысты сот ісі жүргізілгені анықталды. Қазіргі уақытта сот шешімімен келісімшарт бұзылып, мердігерге алынған қаражатты қайтару міндеттелді. Аталған сот шешімі осы жылдың 6 тамызында заңды күшіне енеді.