2024 жылғы 14 шілде күні Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Лохан Александр Владимирович кестеге сәйкес азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында Телжан ауылының тұрғыны С.М.Өтигенов Кішкенекөл-Телжан ауылдары арасындағы облыстық маңыздағы автожолдың нашар жағдайы туралы депутатқа жүгінді
Көтерілген мәселе бойынша депутат сәйкесінше қызмет көрсететін мемлекеттік органға ресми сауал жолдады.