11 маусым күні Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниев азаматтарды қабылдады. Қабылдауда Қаратерек ауылының тұрғыны Қ.С.Сәрсенов Кішкенекөл – Қаратерек автомобиль жолын жөндеу туралы сұрақпен жүгінді.
Мәслихат төрағасы ағымдағы жағдай бойынша түсініктеме берді:
Облыстық маңызы бар КТ-83 (Кішкенекөл – Телжан – Мортық – Тілеусай – Қаратерек) автомобиль жолында 6,5 км-ден 18,0 км-ге дейінгі учаскелерде жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Ағымдағы жылға қаржыландыру толығымен бөлінді.
Сондай-ақ "NeosBelt" ЖШС, "Lavar Company" ЖШС және "EXPERT"ЖШС мердігерлік ұйымдарын тарта отырып, трассаның басқа учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тілеусай-Қаратерек учаскесі бойынша (46,5–119,0 км) жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Оң сараптама алғаннан кейін қаржыландыру мәселесі қаралатын болады.
Бұл жолды жөндеу бақылауда және кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.