Смағұл Бақыт Хайыржанұлы 1965 жылғы 21 ақпанда Көкшетау облысы Қызылту ауданы Жұмысшы ауылында дүниеге келген.
1982 жылы Көкшетау қаласындағы қазақ мектеп-интернатын бітіріп, Қызылту ауданына қарасты Калинин сегізжылдық мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болды. 1983-1985 жылдары әскери міндетін атқарып келгесін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогика институтының филология факультетіне түсіп, бітірді.
1991-1997 жылдары Көкшетау облыстық «Көкшетау» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары; 1997-1999 жылдары Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінде шолушы; 1999-2002 жылдары Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде бөлім меңгерушісі; 2003-2004 жылдары «Алаш үні» республикалық газеті редакторының орынбасары; 2004-2005 жылдары «Бұқпа» газеті редакторының орынбасары; 2005-2016 жылдары Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде бөлім меңгерушісі; Ақмола облыстық прокуратурасының қолдауымен шыққан «Заң қорғаны» үнпарағының редакторы болып қызмет жасаған.
Марапаттары: «Құрмет» орденімен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 31 наурыздағы № 2-27с шешiмiмен берiлдi.