Омаров Малғаждар Омарұлы 1949 жылғы 8 мамыр күні Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ұялы кеңшарының «Саға» ауылында дүниеге келген.
1966 жылы «Ұялы» орта мектебін аяқтағаннан кейін, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт институтына түсіп, оны 1971 жылы бітіріп, жолдамамен өзі орта білім алған «Ұялы» орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің ұстазы ретінде еңбек жолын бастаған. Институтта оқи жүріп, спорттық күрестің екі түрінен самбо және қазақ күресінен айналысып жүріп, жетістіктерге жетті.
Малғаждар Омарұлы спорттық күрестің екі түрінен самбо күресі және қазақ күресінен еліміздің бірінші дүркін 1970-1974 ж.ж. және Алматы қаласы, Алматы – Көкшетау облыстарының 1967-1974 жылдардағы жеңімпазы.
Самбо күресінен екі рет 1970 жылы Шымкент қаласында, 1971 жылы Қарағанды қаласында бүкілқазақстандық универсиадасында жеңімпаз атанды. 1974 жылы Қазақ ССР студенттері чемпионатында бірінші орын Целиноград қаласында атанды.
1971 жылы Ұялы орта мектебінде дене тәрбиесі сабағының мұғалімі болып істеп жүріп, самбо күресінен КСРО студенттер чемпионатының филиалына шығып КСРО спорт шеберінің күміс төсбелгісіне ие болды (Грузин ССР-і, Гори қаласы), КСРО спорт шебері атанды.
1972 жылы ауылдан барып Қарағанды қаласында өткен самбодан І Бүкілодақтық турнирде жүлдегер атанып, қола медаль КСРО спорт шебері нормативін екінші рет қайталады.
1972-1973 ж.ж. Кеңес Армиясы қатарында Мәскеу әскери округінде әскери борышын өтеді. Әскер қатарынан келгеннен кейін Ұялыдан барып 1973 жылы Алматы қаласында өткен самбо күресінен Қазақ ССР чемпионаты ел Кубогының жеңімпазы атанды. КСРО спорт шебері нормативін үшінші рет тағы да қайталады. Сондай – ақ, қазақ күресінен, 1970 жылы Семей қаласында өткен ХІІ Бүкілқазақстандық мерекелік спартакиадада жеңімпаз атанып, қазақ күресінен Қазақ ССР спорт шебері атанды.
1973 жылы Көкшетау облысы Қызылту аудан орталығында өткен қазақ күресінен Социалистік Еңбек Ері Қажым Мүсіпов жүлдесіне арналған республикалық турнирде Ұялы ауылы атынан қатысып, жеңімпаз атанды.
1971 жылы Ұялы мектебінде істей жүріп, жұмысшы жастарды, ересектерді тәрбиелеп, қазақ күресінен колхоз, совхоздар арасында өткен жарыстарда Ұялы құрама командасы қазақ күресінен, Қызылту ауданында бірінші, Көкшетау облысында бірінші, Ақтөбе қаласында өткен республикалық жарыста ІV-ші орынға ие болды.
1974-1977 жж. Ұялы орта мектебінде және БЖСМ істей жүріп командалық есепте ауданда бірінші, облыста екінші орындарды алып жүрді.
1977 жылдан бастап Көкшетау қаласында «Қайрат ЕСҚ» - да істей жүріп, 30-дай спорт шеберлері дайындады.
1986 жылдың 30 қаңтарында Қазақ ССР Министрлер жанындағы дене тәрбиесі және спорт комитетінің шешімімен ұлттық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін қазақ күресінен «Қазақ ССР–іне еңбегі сіңген жаттықтырушысы» деген құрметті атаққа ие болды.
Малғаждар Омарұлы 2011 жылғы 21 каңтарда облыс орталығы Қызылжар қаласында өткен VІІ қысқы Азия ойындары эстафетасы Алауын алып жүру құрметіне ие болып, 30 қаңтарда Астанада өткен мерекесінде VІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуына қатысты.
Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері» атағымен, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» атағымен, «Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» омырау белгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 31 наурыздағы № 2-27с шешiмiмен берiлдi.