Меню

Страницы

Статья

Егімбаева Күләш Нағымжанқызы

Егімбаева Күләш Нағымжанқызы 1960 жылғы 25 қазанда Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кентінде дүниеге келген. Қазақ. Білімі-жоғары. 1994 жылы Алтай мемлекеттік мәдениет институтын «Кітапханашы-библиограф» мамандығы бойынша тәмамдаған.

        Күләш Нағымжанқызы еңбек жолын 1978 жылы Көкшетау қалалық кітапханасында бастап, 1979 жылы елге оралып, жұмысын аудандық балалар кітапханасында оқу залының меңгерушісі, аудандық кітапхананың қорды толықтыру бөлімінің меңгерушісі болып жалғастырды. 

Әр жылдары ауданымызда кітапханашы, методист, кітапхана директорының орынбасары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы, аудандық мәдениет үйінің директоры, мұражай меңгерушісі болып істеуі Күләш Нағымжанқызының мәдениет саласындағы проблемалық мәселелерді етене тануына септігін тигізді. 2010 жылдан бастап аудандық кітапхана директоры болып тағайындалып, зейнет жасына жетсе де, осы күнге дейін аудан кітапханасының жұмысын ілгері басып келе жатыр. Оның жетекшілігімен аудандық кітапхана бүгінгі таңда облыс бойынша ең үздіктердің қатарында, жыл сайын ұйымдастырылатын облыс кітапханалары арасындағы конкурстарда жеңімпаз атанып, биік белестерден көрініп жүр. «Үздік ауылдық мәдениет мекемесі» облыстық байқауында екі мәрте Гран-при иегері болды. «Рухани қазына-2019» ІІ фестивалінің облыстық турында Уәлиханов аудандық орталық кітапханасы Солтүстік Қазақстан облысының ең үздік кітапханасы болып танылды және фестивальдің Нұр-Сұлтан қаласында өткен соңғы республикалық турына қатысып, біздің кітапхана Грецияға жүретін делегацияның құрамына номинант атанып, Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгреске қатысу үшін Күләш Нағымжанқызының теңіз асып, Аристотельдің Отанында болып келуі соның дәлелі.

Өзінің туған жеріне, еліне еңбегі сіңген Күләш Нағымжанқызы - Уәлиханов аудандық мәслихаттың V, VI шақырылымдарының депутаты болып сайланған, «Ақ орамал» әйелдер қоғамының төрайымы.

Марапаттары: Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгілерімен және де басқа медальдар мен мерейтойлық медальдармен марапат талған. «Ауыл әйелдерінің 100 табыс тарихы» кітабына, Ресейдің, Қазақстанның, Украинаның және Беларусьтің ең жақсы адамдарының Ұлы халықаралық энциклопедиясына енді.

Сонымен қатар, көпбалалы ана. Өзінің үш баласынан бөлек інісінен екі жетім қалған балаларын тәрбиелеп, өсірді. 

Өз ісіне адал, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп тұратын өте қарапайым адам, белсенді өмірлік ұстанымдағы азаматша ауданның мәдени және саяси өміріне сүбелі үлесін қосып келеді.

          «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 31 наурыздағы  №2-27с шешiмiмен берiлдi.

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы