Бүгін азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сәниев Сапар Қапарұлы жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға Кішкенекөл ауылының тұрғыны Шаймерденов Байболат Аманжолұлы Уәлиханов көшесіндегі екіқабатты тұрғын үйдің тұрғындары атынан жүгінді. Аталған тұрғын үй аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансында. Ол былтырғы күз мезгілінде осы үйге жаңадан салынған қазандық дұрыс іске жарамай, күннің суық мезгілдерінде жылу берілмегендігін айтты. Осыған орай, биылғы жылы жаңа қазандықты іске асыру бойынша жұмыстарды жаз мезгілінде атқару қажеттілігіне назар аударды.
Қабылдау нәтижесінде мәслихат төрағасы тұрғынның өтінішін қарастыру және тиісті шаралар қабылдау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне ресми сұрау жолдады.