19 наурыз күні азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сәниев Сапар Қапарұлы тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау барысында Кішкенекөл ауылының тұрғыны Қонарбаева Қалияш Зарлыханқызы үйін еріген қар суы басып жатқанын және оны өз күшімен шығара алмай отырғанын айтып, көмек сұрады. Осы мәселе бойынша мәслихат төрағасы Кішкенекөл ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп, үй ауласынан қар шығару жұмыстарын ұйымдастырды.
Сондай-ақ, қабылдауға Кішкенекөл ауылының тұрғыны Қапаров Ерік келіп, ауыл маңынан жайылымдық жер алу мүмкіндігі және кешкі уақытта қаңғыбас иттердің ауладағы қойларға шабуыл жасауы мәселелері бойынша өтініш білдірді. Жайылымдық жерге қатысты аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Жауаров ауызша түсініктеме берді. Ал қаңғыбас иттерге қатысты тиісті шара қабылдау мақсатында ветеринариялық станция директорының атына депутаттық сауал жолданды.