Ағымдағы жылғы 25 ақпан күні Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Серік Кеңесұлы Әбілдин Жасқайрат және Қайрат ауылдарында азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар мен білім беру мекемелерінің өкілдері әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар мен инфрақұрылымға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерді.
Қайрат ауылының мектеп қызметкерлері депутаттың назарын Қайрат ауылының мектеп асханасында үстелдер мен орындықтардың жетіспеушілігі мәселесіне аударды. Аталған мәселе бойынша депутат білім бөліміне сауал жолдады.
Сонымен қатар, тұрғындар Жасқайрат ауылы мен Жуантөбенің арасында орналасқан су өткізу құбырының қанағаттанарлықсыз жай-күйі мәселесін көтерді. Бұл мәселені мәслихат депутаты бақылауға алды.