Бүгін, азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Саниев Сапар Қапарұлы Кішкенекөл ауылының тұрғындарымен кездесті.
Қабылдау барысында жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ Қызылту – Астана теміржол бағытына қосымша жолаушылар вагонын қосу қажеттігі сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Осы мәселе бойынша облыстық мәслихат депутатына ресми хат жолданды.
Барлық өтініштер мәслихат төрағасының бақылауына алынды.