Бүгін, 2025 жылғы 24 қаңтар күні Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Шаткенов Асқар Боранұлы «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға Кішкенекөл ауылының тұрғыны Әбжанов К.М. атаулы әлеуметтік көмек алу мәселесі бойынша жүгінді. Аталған мәселені шешу үшін депутат Уәлиханов ауданының Мансап орталығына сұрау жолдады.