Бүгін азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихат төрағасы Сәниев Сапар Капарұлы азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға Кішкенекөл ауылының тұрғыны Базылова Е.А. жұмысқа орналасу мәселесі туралы жүгінген болатын.
Аталған мәселе бойынша мәслихат төрағасы тиісті органға депутаттық сауал жолдады.