15 қаңтар күні азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Сатыбалдин Амангелды Солтанұлы Бидайық ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Қабылдауға ауыл тұрғыны Қатаев Қанат Батталұлы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру үшін қаржы бөлу қажеттілігі туралы сұрақпен келді.
Бұл мәселе бақылауға алынды және оның орындалуын қарастыру үшін тиісті органдарға депутаттық сауал жолданды.