2025 жылғы 13 қаңтар күні азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сәниев Сапар Қапарұлы кезекті қабылдау өткізді. Кездесу барысында Кішкенекөл ауылының тұрғыны Шегебаев Д.Т. ауылішілік жолдарды қардан тазарту және грейдерлеу мәселесі бойынша өтініш білдірді.
Аталған мәселе бойынша Кішкенекөл ауылдық округінің әкіміне депутаттық сауал жолданды.