2024 жылы Қазақстан Республикасының мәслихаттары құрылғанына 30 жыл толуын атап өтуде. 1993 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заң қабылданды. 1994 жылғы наурыздан бастап мәслихаттар-Депутаттар жиналыстары өз жұмысын бастады. Егемен Қазақстанның өкілді билік органдарының қызметі сол кезден бастау алды.
Қызылту аудандық мәслихатының бірінші шақырылымында барлығы 19 депутат жұмыс жасады (Сол кезде ауданымыздың құрамында Валиханов ауданы болған, сол өңірден 7 депутат қосылған еді).
Бірінші шақырылған Қызылту аудандық мәслихатының хатшысы болып Әміржан Жұманұлы Жауаров сайланды. 1997 жылы Қызылту аудандық мәслихаты Уәлиханов аудандық мәслихаты болып өзгертілді.
#мәслихаттарға30жыл