Ағымдағы жылдың 18 шілдесі күні «The Last Hope» қоғамдық бірлестігі Уәлиханов ауданында «Ауылдық ҮЕҰ-ды қолдау бойынша» жобасы аясында «Қоғамдық бақылау бойынша азаматтардың құзыреттілігін арттыру» тақырыбында кездесу өткізді. Ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері осы мәселені талқылауға белсене қатысып, бірқатар ұсыныстарын білдірді.