2024 жылғы 17 маусым күні Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаттарын қабылдау кестесіне сәйкес №2 сайлау округінің депутаты Амангелді Солтанұлы Сатыбалдин Бидайық ауылында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында Бидайық ауылының тұрғыны Р.Н.Сандыбаев тұрғындардан аудандық электр желілері тарапынан олардың есептегіштен кейін орнатылған автоматтарға есептегішке дейін қосымша автоматтарды сатып алу және өз есебінен орнату талаптарының заңдылығы мәселесі бойынша жүгінген болатын. Аталған мәселе бойынша "Көкшетау Энерго орталығы" ЖШС-не депутаттық сауал жолданды.
