2024 жылғы 15 мамыр күні сағат 11:00 де Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Қ. Қорқытовтың төрағалығымен өткен отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысып, Қоғамдық кеңес отырысында келесі мәселелері қаралды: Көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету барысы туралы, Жастар саясатының жүзеге асырылу барысы және жастармен жұмысты арттыру, Ауданда спорттың даму жағдайы және перспективалары туралы.