2024 жылғы 15 мамырда сағат 10-30-да Уәлиханов ауданы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Қ. Қорқытовтың төрағалығымен өткен отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Қ.Баймұқанов қатысып, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті: Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы (баяндамашы: Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ж. Хасенов) және жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы (баяндамашы: Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А. Жауарова).