2024 жылғы 30 сәуір күні Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында ұйымдастыру мәселелері қаралды. Қоғамдық кеңес төрағасының және бір мүшесінің босатылуы туралы өтініштер қабылданып, заңнама талаптарына сәйкес резервте тұрған азаматша Қоғамдық кеңес мүшелігіне енгізілді.
Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасын сайлау мәселесі ортаға салынып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің ашық сайлауымен бірауыздан Болат Қорқытұлы Қорқытов Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды. Сонымен бірге, Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңестің төралық құрамына және комиссиялар құрамдарына өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
