2024 жылғы 13 ақпан күні Уәлиханов ауданының қоғамдық кенесінің отырысы өтті. С.Д. Қимановтың төрағалығымен өткен отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Уәлиханов ауданының полиция бөлімінің атқарған жұмыстары туралы, елдің жұмыс күші мол аймақтарынан халықты көшіру, сондай-ақ шетелден оралмандарды қабылдау бойынша 2023 жылдың жоспарлардың орындалуы және оны жүзеге асырудағы проблемалық мәселелердің шешілу барысы туралы, Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясының жұмысы туралы.