2004 жылғы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында дүниеге келген.
2013-2019 жылдары Уәлиханов ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленді. 2019 жылы Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт-интернатының шәкірті атанған. 2020 жылы Алматы қаласындағы «Шанырақ» спорт-интернатына түсіп, қазіргі уақытта осы коледждің студенті.
Азияның екі дүркін чемпионы, 2023 жылғы 7 ақпанда 18 жасында ересектер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанды.
2023 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан тарихындағы еркін күрестен Әлем чемпионатының 92 келі салмақ дәрежесіндегі алғашқы алтынын жеңіп алды.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №3-8с шешiмiмен берiлдi.