1962 жылғы 13 мамыр күні Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1980 жылы Қызылту аудандық ветеринарлық-санитарлық бөлімшесінде жүргізуші болып бастаған. Әр жылдары «Қзылту-Транс» ЖШС, «Қзылту-Астық» ЖШС-де жүргізуші болып қызмет еткен. Бүгінгі күні «Жолдасбай-Агро» ЖШС-гі басшысының өндіріс бойынша орынбасары болып қызмет етуде. Айтмұхан Қайырбекұлы Жолдасбаевтардың үлкен әулетінің отағасы болып табылады, ең үлкен ағасы ретінде барлық інілері мен қарындастарын тәрбиелеп, жеткізген. Бұл отбасы аудандағы ең ірі шаруашылық «Жолдасбай-Агро» ЖШС-гін құрған және де бұл шаруашылық ауданның ғана емес, сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Бұл әулеттің еңбекқорлығы басқа отбасыларға көрнекті үлгі болуда. Отбасының еңбекқорлығын Айтмұхан Қайрыбекұлының немересі Ризабек дәлелдеді, еліміздің тарихында алғашқы рет 2023 жылдың қыркүйек айында Белград қаласында еркін күрестен әлем чемпионы атанды.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №3-8с шешiмiмен берiлдi.