Меню

Страницы

Статья

Харланов Виктор Михайлович

1947 жылғы 17 маусымда Омбы облысы Орехов ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Харлановтар отбасы Ресейден Черниговское ауылына көшіп келген, бұл ауылда ол сегізжылдық мектеп аяқтаған.

Еңбек жолын 1962 жылы бастаған, әр саладағы еңбек өтілі өте көп. Слесарь, механизатор, орта мектепте мұғалім болып қызмет еткен. 1972 жылдан 1985 жылға дейін Чернигов совхозының агрономы болған. Бұл қызмет аралығында оған жоғары егіншілік мәдениеті атағы берілген, Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің медалімен марапатталған, автобус сыйланған.

1985-1997 жылдары Кокшетау облысы Кызылту ауданы Степной совхозының директоры болып қызмет етті. Оның басшылығы кезінде көптеген істер тыңдырылды: жаңа пәтерлер, кулинария, профилакторий, тұрмыстық үйі, неке қию сарайы, гастроном, шаруашылық дүкендері, мал шаруашылығы үйі, бес мал шаруашылығы ғимараттары, сиыр сауу алаңы салынған. Сол кезде ірі қара мал басының саны өскен, мемлекетке жылына бір жарым мың литр сүт тапсырылған.

Егін шаруашылығында егістік алқабы 17 мың гектар дән дақылдарына жеткен, бақша егіліп, жылыжай жабдықталған. Ауылда жұмысшылардың саны 420 адамға жеткен.

1999 жылы «Степной-4» ЖШС құрған, бұл шаруашылықта бүгінгі күні зейнет жасына жетсе де, қызмет етуде.

«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 23 тамыздағы №3-6с шешiмiмен берiлдi.

Дата публикации
12 октября 2023
Дата обновления
12 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы