1959 жылғы 13 тамыз күні Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1978 жылы Қайнар ауылында табыншы болып бастаған. 1980 жылы полиция органына жұмысқа орналасып, полиция бөлімінің бастығы лауазымына дейін көтерілген. 2007 жылы қызмет өтілі бойынша зейнеткерлікке шыққаннан кейін Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Білімі жоғары, ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Құқық қорғау органдарындағы жалпы еңбек өтілі 27 жыл, оның 10 жылдан астам уақыты аралығында Уәлиханов аудандық ішкі істер бөліміне басшылық етті. Е.Ш.Махатов барлық еңбек жолында жауапкершілік пен еңбексүйгіштік арқылы ерекшеленді, бұл қылмыстардың уақытында ашылуында негізгі қозғаушы болып, облыс аудандары арасында жақсы көрсеткіштермен көзге түсті. Өз еңбек жолында көптеген жас мамандарды тәрбиелеген, олар бүгінгі күнге дейін аудандық полиция бөлімінде қызмет етуде.
Е.Ш.Махатов ауданымыздағы «Көкпар» ұлттық ойындар бойынша командасының негізін қалаушысы болып табылады. Бұл команда облыс деңгейінде ғана емес, сонымен қатар республика бойынша ең мықты болып танылған.
Марапаттары: «Үздік жедел уәкіл» атағы-1985 ж., ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі-1989 ж., «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төсбелгісі-2001 ж., «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі-2001 ж., ІІБ ардагері және басқа көптеген алғыс хаттар мен құрмет грамоталары.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 23 тамыздағы №3-6с шешiмiмен берiлдi.