Меню

Страницы

Статья

Нұрмағзанова Ғалия Вальшанқызы

Нұрмағзанова Ғалия Вальшанқызы 1951 жылғы 1 қыркүйек күні дүниеге келген.

Еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсету – қоғамның парызы. Осындай жанның бірі – Ғалия Нұрмағзанова. Мұнымен қоса ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана. Тоғыз баладан немере сүйіп, одан шөбере көріп отырған бақытты әже. Жастарға айтар өсиеті көп, жас ұрпақ пен орта буын өкілдеріне үлгі еңбек адамы. Мектепті бітіргеннен кейін ауылда машиналық сауу операторы, сахманшы, сауыншы болып жұмыс жасайды.

Жастық шағын еңбекке арнаған Ғалия Вальшанқызының 36 жылдық еңбек өтілі бар. Жетпіске асса да әлі білегінде күші бар, салалы ұзын саусақтары епті, кез келген іске бейім. Жұмыс пен отбасын қатар алып жүрген Ғалия Нұрмағзанова 20 жыл қатарынан Қызылту ауданы, Қаракөл совхозының сауыншы болып, социалистік жарыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған. Қазақ ССР жоғары советінің Президиумының 1980 жылғы Жарлығымен, Қазақ ССР орталық комитетінің «Құрмет грамоталары­мен» бірнеше рет мадақталды. 2006 жылғы 10 қарашада «Еңбек арадагері» медалімен марапатталды. 2010 жылғы 27 тамызда ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі №3-5с шешiмiмен берiлдi.

Дата публикации
17 августа 2023
Дата обновления
17 августа 2023
Тип

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы