1951 жылғы 24 маусымында Омбы қаласы Азовский ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1974 жылы Ленинград ауданыңда ветеринарлық лабораториясында мал дәрігері болып бастады. 1981 жылы Қызылту ауданы комитетіне мал дәрігері болып ауыстырылды. 2010-2015 жылдар арасында Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысының орынбасары ретінде қызмет жасады. 2016 жылдан бастап, зейнет демалысында бола тұра, Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжіне ветеринарлық кадрларды даярлау тобын ұйымдастыруға және оқытуға шақырылды.
Өзінің кәсіби қызметінде халықтың денсаулығын қорғауға, адам мен жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алуға, совхоздарда, ауылдық округтерде ветеринария мамандарын күшейтуге, жеке ветеринарлық іс-шараларды дамытуға ерекше көңіл бөлді.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, «Қаракөл» совхозының партия комитетінің хатшысы ретінде партиялық жұмыста жұмыс істей отырып, бірнеше рет сайлау комиссиясының төрағасы болып сайланды, «Ауыл» Демократиялық партиясының аудандық филиалын басқарды, ал мұнда ол ауданның өзекті мәселелері мен проблемаларынан қалмай, оларды шешуге белсене қатысты.
Бауыржан Сағындықұлының тікелей басшылығымен 2014 жылы стандартты модульдік ветеринарлық зертхананың құрылысы пайдалануға берілді.
2021-2023 жылдар аралығында аудандық ардагерлер кеңесін басқарып, аудан ардагерлері мен жастары арасында үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. 4 аудандық комиссиясының мүшесі, аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаты. Еңбектері үшін бірнеше рет 3 дәрежелі «Еңбек даңқы», 2017 жылы «Еңбек ардагері» мемлекеттік наградаларымен, ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталарымен, облыс және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі №3-5с шешiмiмен берiлдi.