Меню

Страницы

Статья

Смаилов Орынбай Жанбыршыұлы

1949 жылғы 1 шілде күні Көкшетау облысы Володар ауданы Сартүбек ауылында дүниеге келген.

1971 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін, Көкшетау облысының Арықбалық ауданындағы Лобаново кеңшарында бір жыл аға зоотехник болып жұмыс істеген. 1972 жылы 23 жасында Көкшетау облысының Қызылту ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі, «Майский» деп аталатын кеңшарға бас зоотехник болып тағайындалады. Осы шаруашылықта 9 жыл еңбек еткен білікті жас маман кеңшардың мал шаруашылығын облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың деңгейіне көтереді. Орынбай Жанбыршыұлының іскерлік қабілетін таныған облыс басшылығы оны 1981 жылы Қызылту аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің директорлығына тағайындайды. Ол адам директор болып жұмыс атқарған 14 жылда шаруашылық еңбеккерлері мен ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып, елді мекеннің келбеті өзгерді. Ауылда екі қабатты мектеп үйі, заман талабына сай балабақша, зәулім мәдениет үйі, монша, профилакторий, көптеген тұрғын үйлер салынды. Ауыл көшелеріне асфальт төселіп, су құбырлары тартылды. Шаруашылық білікті мамандармен толықты.

1995 жылы «Мортық» өндірістік кооперативінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл уақыт Тәуелсіздік алған еліміз үшін өте ауыр кезеңде ауылды бытыратып алмай, сол ауыр кезеңнен алып шығу ең басты міндет болатын. Іскер басшы шаруашылықты да, елді-мекенді де сақтап қала алды. 1998 жылы ауданымызға инвесторлар келіп шаруашылықтар жабылғаннан кейін Орынбай Жанбыршыұлы, құрамына «Мортық» және «Көктерек» ауылдары кірген Көктерек селолық округінің әкімі болып тағайындалды. Аса күрделі мәселелердің бірі ауыз су мәселесі болатын. Сол мәселені шешіп, ауыл көшелеріне су құбырларын тартты. Мектеп ғимараты жылумен қамтамасыз етіліп, толық жұмыс істеп тұрды. Салтанат залы іске қосылды. Ауылда медицина пункті жұмыс істеді, шағын бизнеске жағдай жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Орынбай Жанбыршыұлы 2012 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін селолық округте қыруар жұмыс атқарды. Округ тұрғындары ол адамға дән риза.

«Құрмет белгісі» орденімен, екі мәрте «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен, «За трудовое отличие», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен және басқа көптеген марапаттарға ие азамат.

«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі №3-5с шешiмiмен берiлдi.

Дата публикации
17 августа 2023
Дата обновления
17 августа 2023
Тип

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы