2023 жылғы 22 маусым күні Уәлиханов аудандық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес №2 сайлау округінің депутаты Амангелді Солтанұлы Сатыбалдин Бидайық ауылында азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға округке қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары Назымбек Исин таза ауыз судың таратылу уақытының шектелгені туралы мәселе көтерсе, Қадырбек Ахат биылғы жылы жоспарланған ауылға дейінгі автожолдың орташа жөнделу жұмыстарының бүгінгі күнге дейін неліктен басталмай отырғандығы туралы мәселемен келді. Айтылған мәселелер бойынша тиісінше қызмет өкілдеріне қоңырау шалынып, депутатпен сол жерде түсіндіру жұмыстары берілді.