Бүгін Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Сапар Қапарұлы Сәниев "AMANAT" партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға Кішкенекөл ауылының Әбу Әбішев көшесінде тұратын Ж.Н.Қайниденов азаматы үйінің көктемгі кезеңінде суға бату және Әбу Әбішев көшесінің жолын жөндеу мәселелері бойынша жүгінді.
Қабылдау қорытындысы бойынша мәслихат депутаты тиісті органдарға депутаттық сауал жолдады.