2023 жылы 20 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Орынбасар Сағындыққызы Ысқақова "AMANAT" партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға №4 сайлау округінен Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты Сапар Қапарұлы Сәниев Қаратерек ауылы тұрғындарының өтініші бойынша Ресей Федерациясына шекараның жеңілдетілген пункті ашу мәселесін шешуге жәрдемдесу жөнінде жүгінді.