2023 жылғы 8 маусым күні Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов "AMANAT" партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауға Кішкенекөл ауылының тұрғындары Н.Б.Өмірзақов пен А.З.Шаимов ауданымыздағы ауыз су мәселесі бойынша жүгінді.
Қабылдау қорытындысы бойынша Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы осы мәселені шешу үшін депутаттық сауал жолдады.