2023 жылғы 30 мамырда Уәлиханов аудандық мәслихатының экономиканы дамыту және бюджет, әлеуметтік саланы дамыту, заңдылықты сақтау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы комиссия төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниевтің төрағалығымен өтті.
Тұрақты комиссия отырысына Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Жанна Қайыргелдіқызы Жантілеуова және бөлім басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның қарауына «Қаратерек ауылдық округінің бюджетін бөлу және тиімді пайдалану туралы», сондай-ақ «Атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік таурларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы», «А.Қазымбетов атындағы стадионды жөндеу жұмыстарының барысы туралы», «Аудандық электр желілерінің басты жұмыс бағыттары туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша атқарушы органдардың қызметі туралы» және аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер ұсынылды.