2023 жылғы 26 сәуірде №2 сайлау округінің депутаты Аман Сұлтанұлы Сатыбалдин Бидайық ауылында азаматтарды қабылдады. Депутатқа ауылдың екі тұрғыны Ысқақова Қымбат Тұрабайқызы мен Татьяна Владимировна Луговая жұбайларының жалақысын кешіктіру мәселесі бойынша жүгінді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолданды.