Меню

Страницы

Статья

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

2023 жылғы 17 сәуірде аудан әкімдігінің отырыс залында Уәлиханов аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы әлеуметтік сала бойынша комиссия төрағасы Гүлнәр Нұрланқызы Баймағанбетованың төрағалығымен өтті.

Тұрақты комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Жанна Қайыргелдіқызы Жантілеуова және бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның қарауына «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу тәртібін ұйымдастыру туралы», «Қызылту Су Арнасы» ЖШС жұмысының негізгі бағыттары туралы», «Балаларға жедел және шұғыл көмек көрсету қызметінің жай-күйі туралы», «Аудан мектептерінде денсаулық сақтауды дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы», сондай-ақ «Кішкенекөл, Аққұдық, Өндіріс, Жұмысшы, Жамбыл, Золотая Нива ауылдарының көше атауларын қайта атау туралы» мәселелері ұсынылды.

Депутаттар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, «Қызылту Су Арнасы» ЖШС-нің, білім бөлімінің, аудандық орталық аурухана, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшыларының ақпараттарымен танысып, өзекті сұрақтарды ортаға салып, шешу жолдарын талқылады.

Дата публикации
17 апреля 2023
Дата обновления
17 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы